1. Ставкалар биржасының мәні, биржадағы ойынның БК-дағы ойыннан ерекшеліктері.

Ставкалар биржасы букмекерлік кеңселердегі дәстүрлі ойынның баламасы болып табылады.

Мәні бойынша, ставкалар биржасы – бұл қандай болса да оқиғаға бәс тігу арқылы білімдерімен және сәттілігімен сынасудың ежелгі тәсілін автоматтандыратын платформа. * *Егер бұрында джентльмендер, мазасызданып монокльдарын сүрте және жақ сақалдарын жыбырлата отырып, оппоненттерінің жақсы атына және беделіне (немесе борышкерді табуда және қарызын қайтарып алуда өзінің қабілеттілігіне) сүйеніп өзінің құмар мәмілелерін жасасқан және аяқтаған болса, ал қазір, заманауи технологиялардың арқасында, сіз тек қана бекзат аристократтармен ғана емес, сол сияқты мүлдем таныс емес адамдармен де мүлде қауіпсіз бәс тіге аласыз.

Биржаның басты міндеті - бірдей оқиғаның қарама-қарсы нәтижелеріне қоятын екі ойыншыларды бірге жолығыстыру.

Ставкалар биржасы автоматтық режимде екі бәс тігетін тараптардан ставкалар қабылдайды және өзіне делдалдық үшін кішкене пайызды ала отырып, жеңімпазды марапаттайды. БК-ның сыйақы сомасы - таза ұтыс сомасынан 5%. Мысалы, сіз 3 коэффициентімен 100 ақшалай бірлікті қоясыз. Ұтқан жағдайда, сіз 300 ақшалай бірлікті аласыз. Таза ұтыс 300-100=200 құрайды. 200-ден 5% = 10 ақшалай бірлік.

Биржада ойнаудың букмекерлік кеңсемен ойнаудан негізгі айырмашылықтары неде?

  1. Биржада ойыншылар бір-бірімен өзара бәс тігеді, ал биржа процесті автоматтандырады және қауіпсіз етеді.
  2. Ставкалар биржасы делдалдық үшін минималды пайыз алады және ставкалар мен ұтыс сомасын ешқандай шектемейді.
  3. Ойыншылар ставкалар биржасында оқиғаларға коэффициенттерді өздері қалыптастырады.
  4. Әйгілі оқиғаларға жақсы коэффициенттер көбірек, өйткені желі ойыншылармен қалыптастырылады.
  5. Ставкалар биржасындағы ойын, БК-дағы ойынға қарағанда, бірнеше күрделірек, бірақ көбінесе қызықтырақ та болады, өйткені тек қана өз пайдасын ғана емес, сол сияқты оппоненттің мүддесін де ескеруге тура келеді.

2. Биржадағы ойынның негізгі түсініктері. Ойынның схемасы және ұтыстарды есептеу. «Гол+Пас» БК-дан биржаның ерекшелікетрі.

2.1. Биржадағы ойынның негізгі түсініктері.

Биржада ойнаудың алдында сіз үшін келесідей түсініктерді меңгеру пайдалы болуы мүмкін:

  1. Нарық және нарықтар тобы

    “Манчестер Сити – Тотенхем” футбол матчын қарастырайық. Сіз Манчестер Сити командасының екінші таймдағы ұтысына қойғыңыз келеді деп ұйғарайық. Бұл жағдайда сізді «Екінші таймдағы жеңіс» нарықтар тобы, «Манчестер Сити» нарығы қызықтырады. «Париж Дакар» жарысында, егер сіз «КАМАЗ» командасының «Иван Драго» қатысушысының қорытынды жеңісіне қойғыңыз келсе, сізді «финалдағы жеңіс» нарықтар тобы, «Иван Драго КАМАЗ» нарығы қызықтырады. Әртүрлі жағдайларда бір оқиғаға 50-ге дейін және одан көп мүмкін нарықтар топтары болуы мүмкін.

  2. Ұсыныс және Жауап

    Ұсыныс – бұл бәс тігу мақсатында ойыншымен жаратылған ставка. Басқа ойыншы қарсы келуді қабылдаған және осы оқиғаның басқа нәтижесіне кері коэффициентімен ставканы жасаған кезде – бұл Жауап, осы сәттен бастап ұсыныс қабылданған.

  3. Биржаның коэффициенттері

    Ставкалар биржасы үшін коэффициент деп нақты нарық үшін белгіленген ұтыстың көбейткішін айтады. Биржадағы коэффициенттер тура және кері болады. Коэффициент, егер ойыншы топтың нарығын ЖАҚТАП, мысалы «негізгі уақыттағы жеңіс» тобындағы «Манчестер» нарығын ЖАҚТАП қойса, тура болып табылады. Коэффициент нарыққа ҚАРСЫ, яғни оқиғаның болмайтынына ставка қойған кезде кері болып табылады. Мысалы, “Аяччо-Бастия” матчының “Негізгі уақыт. Голдар” нарықтар тобында “Соңғы гол Аяччо” нарығына ҚАРСЫ ставка соңғы гол Аяччоға тиесілі болмайтын шартпен бәстің ұтысын білдіреді.

  4. Биржалық стақан.

    Биржалық стақан – таңдалған нарықтың коэффициенттері бойынша ұсыныстар мен жауаптардың жиынтық кестесі.

  5. Нарықтың бағамы

    Бәстің соңғы қабылданған ұсынысы белгіленген коэффициент.

2.2. Ойын схемасы және ұтыстарды есептеу.

Ставкалар биржасында бәс тігудің жалпы қағидасы келесідей: ұтылғанның ставкасы жеңімпазға ауысады. Бәстің жаңа ұсынысын орналастыра отырып, ойыншы өз ұтыс коэффициентінің көмегімен жауап ставканың оған қажетті мөлшерін алдын ала анықтайды.

Биржа ойыншыларының біреуі бәстің келесі ұсынысын қосты деп ұйғарайық:

  1. Оқиға: Манчестер - Арсенал
  2. Нарқытар тобы: Негізгі уақыттағы жеңіс
  3. Нарық: Манчестер
  4. Ставка: 3.5 коэффициентпен және 100 сомасымен ЖАҚТАУ.

Осы жағдайда ойыншы 3.5 коэффициентімен 100 соманы Манчестердің жеңісіне қояды. Осы ұсыныстың авторы Манчестердің жеңісі жағдайында 350 ақшаны алғысы келеді, олардың ішінде 100 – оның бастапқы ставкасы, ал 250 – оның ұсынысын қабылдаған және ұтылған ойыншының жауапты ставкасы. Егер де жауап қайтарған ойыншы ұтатын болса - автор өзінің 100 ақшасын жоғалтады, ал жауапкер 250 + 100 алады, бұдан оның ұтысының жауап коэффициентін есептеуге болады - 1.4.

Осылайша, 3.5 коэффициентімен жоғарыда келтірілген ұсынысты жасай отырып, автор 250 соманы (мұны ол онымен белгіленген 3.5 коэффициенттің негізінде ұтып алуды көздейді) және жауап үшін 1.4 коэффициентті алдын ала анықтады. Нақты осы параметрлер бойынша басқа ойыншылар ұсыныстың тартымдылығын бағалайды.

Жауап сомасын және Жауап коэффициентті есептеу формулалары:

Жауап сомасы = ұсыныс коэффициенті * ұсыныс сомасы - ұсыныс сомасы;
Жауап коэффициент = ұсыныс коэффициенті * ұсыныс сомасы / жауап сомасы;

Жоғарыда келтірілген мысалда формула келесідей көрінеді:
жауап сомасы 250 = 3.5 * 100 - 100
жауап коэффициенті 1.4 = 3.5 * 100 / 250

Алдыңғы формулалар ставкалар сомасының жауап коэффициентін есептеу үшін пайдаланады. Бұл түсіну үшін қарапайымдау, бірақ тіпті міндетті емес - іс-жүзінде ұсыныс коэффициенті мен жауап коэффициенті тек қана бірінен-бірі тәуелді болады және сомаларды қатыстырусыз келесі формула бойынша есептелінуі мүмкін:

жауап коэффициент = ұсыныс коэффициенті / (ұсыныс коэффициенті - 1)

2.3. «Гол+Пас» БК-дан биржаның ерекшеліктері.

  1. Биржада ойыншыларды бірге қиюластыру автоматты түрде болмайды. Ойыншы әлде өз бетінше оны қанағаттандыратын коэффициентпен және сомамен бәстің лайықты ұсынысын іздестіреді, немесе басқа ойыншыларға оны бағалау және қабылдау, немесе елемеу мүмкіндігін ұсына отырып, жаңа ұсынысты жасайды.
  2. Қандай болса да бәс ұсынысын жарым-жартылай қабылдау мүмкін емес. Егер бәс ұсынысына жауап сомасы 400 сияқты көрсетілсе - сізге осындай сомаға дәлме-дәл, артық та емес және кем де емес (жауап кезінде осы соманы өзгерту платформамен бәстің жаңа ұсыныс ретінде қабылданатын болады), жауап ставканы жасау қажет.

3. «Гол+Пас» БК-дан биржаның құрылымы мен интерфейсі www.golpas.com сайтында

Функционал биржи ставок на сайте golpas.com сайтындағы ставкалар биржасының функционалы келесі бөлімдерден тұрады:

3.1. Биржаның басты беті
3.2. Оқиғаның беті
3.3. Биржалық стақан

3.1. Биржаның басты беті

  1. Сіз биржадан таппаған оқиғаға бәсті ұсыну. Бәсті ұсыну үшін тек қана www.golpas.com сайтындағы “Гол+Пас” БК ставкалар желісінде бар оқиғалар қолжетімді.
  2. Биржаға басқа ойыншылармен әлдеқашан қосылған оқиғалар бойынша іздестіру.
  3. Спорттың түрлері бойынша бөлу арқылы биржада ең жақын спорттық оқиғалар бетіне сілтеме.
  4. Келесі деректері бар бағана: көрсетілген оқиға өтетін уақыт; ол жатқызылатын спорт түрінің иконкасы - егер оған тышқан сілтеуішін тураласа, спорттың осы түрінің аты пайда болады.
  5. Оқиғаның осы нарығының коэффициенттері бойынша қысқаша ақпар. Кестенің үстінде ақпарда пайдаланылатын түстер бойынша еске түсіру қолжетімді.
  6. Осы оқиғаның командаларының спорттық тарихын салыстыруға сілтеме (“статистика” бөлімі).
  7. Осы оқиға бойынша х/у түріндегі бәстің саны, мұндағы x - қабылданып қойған оқиғалардың саны, y - әлі де қабылданбаған оқиғалардың саны
  8. Осы оқиға бойынша нарықтар топтарының саны.
  9. Осы оқиғаға қойылған ақшалардың жалпы сомасы - бәсті ұсынушылардың тарапынан сияқты, сондай-ақ қабылдаушылардың да тарапынан.
  10. Пайдаланушының авторизация аумағы. Жүйеге өз логинімен және құпиясөзімен кіргеннен кейін, сіз мұнда аккаунттың ағымдағы теңгерімін және шотты басқару батырмаларын көресіз.
  11. Таңдалған ставкалар аумағы. Сіз биржада қандай-да ставканы ұсынсаңыз немесе қабылдасаңыз, ол осы аумақта ақырғы растау үшін пайда болады.

3.2. Оқиғаның беті

  1. Спорттың түрі және оқиғаның атауы.
  2. Шектерінде оқиға ұйымдастырылған чемпионаттың немесе іс-шараның атауы, оқиғаның басталу уақыты.
  3. Биржалық стақан жататын нарықтар тобы.
  4. Нарықтар тобы бойынша барлық ұсыныстардың толық тізімімен және оларды қабылдау мүмкіндігімен биржалық стақанға сілтеме.
  5. Ұсыныстар жасалған барлық нарықтардың тізімі.
  6. Коэффициенттер бойынша ақпарат: минималды, соңғы қабылданған және максималды нарық коэффициенттері. Коэффициенттердің ұяшықтар түсі бағана тақырыбындағы жазулардың түсіне сәйкес келеді.
  7. Бәстің х/у түріндегі тіркелген ұсыныстарының саны, мұндағы х - ұсынылған бәс саны және у - қабылданған ұсыныстар саны.
  8. Жасалынатын ставка үшін нарықты таңдау.
  9. Сіз үшін жағдайларды анықтайтын жаңа бәсті жасау нысанының бөлігі. Енгізілген сома мен коэффициент сіздің ықтимал ұтысыңызды анықтайды және осы ұсынысты қабылдайтын оппонент үшін жауаптың параметрлерін береді. Сіздің параметрлерді өзгерткен кезде (10) нысанның оң жағындағы оппоненттің деректері автоматты түрде қайта есептелінетін болады.
  10. Сіздің оппонент үшін жағдайларды анықтайтын жаңа бәсті жасау нысанының бөлігі. Осы параметрлерді өзгерту кезінде (9) нысанның сол жағындағы оппоненттің деректері автоматты түрде қайта есептелінетін болады.
  11. Жасалынатын ставканы оппоненттің көзімен (12) алдын ала қарау блогын жасыруға/көрсетуге арналған “ықшамдау/жазу” батырмасы.
  12. Сізбен жасалынатын ставканы оппоненттің көзімен алдын ала қарау блогы. Осы блокта ставка көрсетілетіндіктен, басқа ойыншылар биржалық стақандағы сіздің ұсынысыңызды көретін және оны бағалайтын болады.
  13. Сізге қажетті нарықтар топтары үшін құрылған биржалық стақан әлі де жоқ болатын сол жағдай үшін жаңа нарықтар тобын таңдау.
  14. Берілген (13) нарықтар тобында нарықты таңдау.

3.3. Биржалық стақан

  1. Спорттың түрі және оқиғаның атауы.
  2. Шектерінде оқиға ұйымдастырылған чемпионаттың немесе іс-шараның атауы.
  3. Оқиғаның басталу уақыты.
  4. Бетте ұсынылған барлық биржалық стақандар жататын нарықтар топтары.
  5. Осы биржалық стақанның нарығының атауы.
  6. Бөтен шарттарды жасыру/көрсету опциясы. Егер опция сөндірілген болса - сіз сіздің бәсті қабылдай алатын шарттарды сияқты, сондай-ақ олар құрылған болатын шарттарды да (бәстің құрушысының коэффициенті мен ұтысы) көретін боласыз. Егер опция қосылған болса - сіз тек қана бәсті қабылдау шарттарын көресіз.
  7. Бәстің қабылданып қойған ұсыныстарын жасыру/көрсету опциясы. Егер опция қосылған болса, сіз басқа ойыншылар қабылдап қойған бәстің сол ұсыныстарын көрмейтін боласыз. Егер сіз ставкалардың жалпы нарығын бағалау үшін осы ақпаратты көргіңіз келсе - осы опцияны сөндіріңіз.
  8. Коэффициент типті бағана. “Жақтау” мен “қарсы” иконкалары ұсыныстар коэффициенті бойынша топтастырылған жолдарда, маркерлер - бәстің нақты ұсыныстарының жеке жолдарында көрсетілген.
  9. Егер “бөтен ұсыныстарды жасыру” опциясы қосылған болса, сіз тек қана өзіңіз құрған биржадағы сол ұсыныстарды көретін боласыз. Басқа ойыншылармен жасалған ұсыныстар жасырынатын болады. Егер Сізбен жасалған ұсынысты табу және жою талап етілетін болса бұл опция қажет болуы мүмкін, егер қандай болса да себептен Сіз оны ендігәрі биржада қалдырғыңыз келмесе.
  10. Бәстің ұсынысын (сома, коэффициент және ұтыс) қабылдау жағдайында Сіз үшін шарттар.
  11. Коэффициент бойынша бір жолға топтастырылған ставкалардың саны, сонымен қатар оған кіретін барлық ставкаларды көрсету/жасыру үшін “ашу” (басқаннан кейін “жасыру” батырмасымен алмастырылады)
  12. Көрсетілген шарттарда бәстің ұсынысын қабылдау үшін “қабылдау” батырмасы. Басқаннан кейін таңдалған ставканың деректері растау үшін таңдалған ставкалар аумағына қосылады.
  13. Сіз үшін шарттарды анықтайтын жаңа бәсті жасау нысанының бөлігі. Енгізілген сома мен коэффициент сіздің ықтимал ұтысыңызды анықтайды және осы ұсынысты қабылдайтын оппонент үшін жауап параметрлерін береді. Сіздің параметрлеріңізді өзгерткен кезде (14-тармақ) нысанының оң жағындағы оппоненттің деректері автоматты түрде қайта есептелінеді.
  14. Сіздің оппонент үшін шарттарды анықтайтын жаңа бәсті жасау нысанының бөлігі. Осы параметрлерді өзгерткен кезде (13-тармақ) нысанының сол жағындағы Сіздің деректеріңіз автоматты түрде қайта есептелінетін болады.
  15. Сізбен жасалынатын бәс ұсынын басқа ойыншылардың көзімен алдын ала қарау аумағы

4. Биржада ойнау кезіндегі стандартты тапсырмаларды орындау:

4.1. Қажетті матчты іздеу және бәс ұсынысын қабылдау. Бейненұсқаулық

4.2. Бәс ұсынысын жасау. Бейненұсқаулық

5. «Гол+Пас» БК-дан биржада ойнау ережелері

  1. «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі төлем типіне байланысты оқиғаның аяқталуынан кейін тәулік ішінде биржаның ұтыстары бойынша төлемақыны қамтамасыз етеді.
  2. Басқа ойыншымен қабылданған бәс ұсыныстары жоюға жатпайды.
  3. Биржада ойнау кезінде букмекерлік кеңседегі жалпы ойын ережелері жарамды болып табылады.