2.7.1. «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі негізгі уақытқа матчтың нәтижесіне (9 иннинг) арналған ставкаларды қабылдайды. Негізгі уақытқа арналған ставкалар, егер 5 толық иннингтен кем емес ойналатын болса, есептеледі. Егер матч тең есеп кезінде ойнап аяқталмаса және 5 толық иннингтен кем емес ойналса, онда негізгі уақыттың нәтижесі болып тең ойын саналады. Егер матч болдырылмаса, аяқталмаса немесе келесі күнге ауыстырылса, онда ставкалар қайтарылады. Егер бір күнде екі бірдей матч өткізілсе, онда нәтиже олардың біріншісі бойынша есептелінеді.

2.7.2. Қомандалар жұбының арасында 3 алғашқы матчтардың сериясына арналған ставкалар қабылданады. Егер серияның алғашқы матчтарының үшеуінің біреуі болдырылмаса және алғашқы үш күннің ішінде ойналмаса, онда есептеу алғашқы екі матчтар бойынша жасалынады (егер командаларда бір-бір жеңістен болса, онда ставкалар қайтарылады). Егер серияның алғашқы үш күнінің ішінде екі матчтан кем ойналса, онда ставкалар қайтарылады. Желіде сериядағы жеңіске арналған коэффициенттер «Өтеді» бағанына енгізіледі.

2.7.3. 1-ші иннингтің қорытындысына арналған ставкалар қабылданады. Егер 1-ші иннинг толық ойналса, онда оған арналған ставкалар, тіпті егер матчтың өзі ойнап аяқталмаса да, есептелінеді. 1-ші иннингтің және бүкіл матчтың қорытындысына арналған ставкалар (Ж1Ж1 «иннинг-матчы») матчтың ақырғы нәтижесіне қабылданады.